13:45, 20 Қаңтар 2011 | GMT +5
2011 жылы «ҚазАгро» Холдингі 55,5 млрд. теңгенің 45 жобасын іске қосады - А.Мамытбеков
АНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2011 жылы «ҚазАгро» Холдингі 55,5 млрд. теңгенің 45 жобасын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Холдингтің Басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков айтты.

«2011 жылы Холдинг 55,5 млрд. теңгенің 45 жобасын іске қосуды жоспарлап отыр. Соның ішінде Ұлттық қор есебінен 46,8 млрд. теңгеге 34 жоба, басқа көздерден 8,7 млрд. теңгеге 11 жоба жүзеге асырылады», - деп атап өтті А.Мамытбеков.
Басқарма төрағасының айтуынша, бұл ретте Қазақстанның индустрияландыру картасына енгізілген жобаларға ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдауға бағытталған ағымдағы бағдарламаларды қолдау жалғасады.