20:14, 08 Қазан 2012 | GMT +5
2012 жылдың басынан Жамбыл облысының прокуратурасы заңдылықтың 12 мыңнан астам бұзушылығын анықтады
ТАРАЗ. 8 қазан. ҚазАқпарат - 2012 жылдың басынан Жамбыл облысының прокуратурасы заңдылықтың 12 мыңнан астам бұзушылығын анықтады.

«Ағымдағы жылдың 8 айында прокурорлар прокурорлық бақылаудың түрлі салаларында 12 мыңнан астам бұзушылықты анықтады. Сондай-ақ 1 мыңнан астам қарсылық көрсету оқиғалары тіркелген. Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары заңдылықтың бұзушылықтарын жою жөнінде 975 ұйғарымды қарастырды», - деді облыс прокурорының орынбасары Халидолла Дәуешов.
Қадағалау органы облыстың 74 мыңнан астам азаматтың конституциялық құқығын қорғады, прокурорлардың бастамасымен 2 216 адам тәртіптік, 1 145 тұлға әкімшілік және 51-і материалдық жауапкершілікке тартылды.
84 қылмыстық іс қозғалып, 1 млрд. теңгеден астам қаражат сомасында шығын өтелді, олардың 913 млн. теңгесі бюджетке түсті, деп хабарлады облыстық прокуратура.