2012 жылдың бірінші тоқсанына «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдау бөлімдеріне халықтан 20 мың арыз-шағымдар түсті

деп хабарлады «Нұр отан» ХДП баспасөз қызметі.
Қабылдауға келгендер құрылыс саласы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, оралмандар жайы басқа да мәселелерді көтерді.
Президентіміздің «Қолжетімді баспана» бағдарламасы қазақстандықтардың ерекше қызығушылығын тудыруда. Осы бағдарламаға белсене араласуды мақсат етеді.
- «Нұр Отан» партиясы Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастамашы болған бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін жаңа жобаларды қолға алуға көмектеседі, - деп атап өтті Нұрлан Нығматулин.
«Нұр Отан» партиясының қабылдауына «ТАМ Құрылыс» компаниясының бас директоры Лариса Плотникова Алматы облысының, Талғар ауданындағы «Жаңа Қуат» коттеждік қалашығының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бойынша нақты ұсынысын және коттедж қалашығының тұсаукесерін ала келді.
«Қоғамдық қорғаушы» АҚ бас директоры Виктор Сыздықовтың атап өткеніндей, қазіргі уақытта Елбасының тапсырмасы бойынша, ТКШ саласын жаңғырту бағдарламасы қолға алынуда. Осыған байланысты тұрғындар тарапынан түсіп жатқан сауалдар көп.
- Қазіргі кезде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ТКШ саласын жаңғырту жөніндегі бағдарлама іске асырылып жатыр. Осыған байланысты азаматтарды алаңдататын сұрақтар аз емес, - дейді Виктор Сыздықов.
«Қоғамдық қорғаушы» республикалық бірлестігі 2010 жылдан бері партиялықтармен «Шаңырақ» бірлескен бағдарламасы бойынша жұмыс жасап келеді. Тұрғын үй, коммуналдық төлемдер, заңсыз салынған үйлерді заңдастыру, қарыздарды қайтару мәселелері бойынша 250 қазақстандыққа көмек қолын ұсынған.
«Вместе с мамой» журналының шығарушысы және бас редакторы Айгүл Әубәкірова «сал ауру» диагнозымен ауыратын балаларды тәрбиелейтін отбасы мен аналарды қолдауға арналған қоғамдық бірлестік құру туралы өтінішпен келсе, Астана қалалық ішкі істер департаменті, көші-қон полициясы басқармасының бас маманы Үсіпбек Бейімбет оралмандар мәселесін көтерді.
Осы күні Нұрлан Нығматулин әртүрлі өңірлерден келген азаматтарды қабылдады. Барлығы өз сұрақтарына жауап алды. Олардың дені әлеуметтік проблемаларға қатысты болды.
Қабылдауды қорытындылай келе, Парламент Мәжілісінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин ешбір өтініш қараусыз қалмауы тиіс деп атап өтті. Қазіргі уақытта ең бастысы - қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту. Бұл Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясына жүктеген негізгі тапсырмасы деуге болады, деп өз ойын түйіндеді Нұрлан Нығматулин.
Жалпы 2012 жылдың алғашқы тоқсанында 20 мыңға жуық өтініш түсті, бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда, 4 мыңға артық. Қоғамдық қабылдауда сонымен бірге, билік өкілдері мен халық қалаулылары да қабылдау өткізеді. Мәселен, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары осы жылдың ақпан айы мен сәуір айлары аралығында 15 қабылдау өткізіп, 165 адамның өтінішін тыңдаған. Ал, мемлекеттік және құқық қорғау органдары өкілдері осы уақыттар ішінде тиісті шараларды қолға алып, 69 адамның сұрағына жауап берген. Адвокаттар одағы өкілдері 58 азаматқа тегін құқықтық-консультативтік көмек көрсеткен.