2012 жылдың қыркүйегінде «Алматы желдеткіш зауытының» жаңартылған өндірісі іске қосылады

«Технологиялар сатып алу үшін зауытқа 94,9 млн. теңге соманың инновациялық гранты берілді. Бұл соманы өндіріс желдеткіш жабдықтарының өндірісін жаңғыртуға жұмсады. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында зауытта аталмыш өндіріс іске қосылады», делінген агенттік хабарламасында.
Сонымен қатар, 5 млн. теңге сома кәсіпорынның өндірістік қуатын кеңейту және жаңарту үшін басқарушылық және өндірістік технологиялар енгізуге бағытталды.
Кәсіпорын желдеткіш жабдықтарымен қоса, энергия үнемдеуші технологияларға негізделген орталық ауа баптағыштар шығарады.
«Өнімділік -2020» бағдарламасының аясында еліміздің 27 салалық кәсіпорнына «Кайдзен» жапондық жүйесі енгізіліп отыр, олардың ішінде «Алматы желдеткіш зауыты» да бар.
«Кайдзен» жүйесінің қағидаларын енгізу зауыттың тәжірибелік учаскелеріндегі еңбек өнімділігін 70 пайыз арттыруға, ал энергия шығынын - 40, өндіріс циклдарын - 80, өндірістің өзіндік құнын - 11,7 пайызға азайтуға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.