18:24, 16 Наурыз 2013 | GMT +5
2012 жылдың соңында Грекияда жұмыссыздық 26 пайызға жетті
АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - 2012 жылдың IV тоқсанында Грекияда жұмыссыздық деңгейі 26 пайызға жеткен екен.

Яғни, бұл көрсеткіш өткен жылдың III тоқсанымен салыстырғанда 1,2 пайызға артып отыр. Бұл мәліметтер грекиялық ELSTAT статистикалық агенттігімен жарияланды, деп хабарлайды РБК.
Дегенмен, 2012 жылдың желтоқсанында Грекияның еңбек нарығында ахуал біршама жақсарған көрінеді.
«Жалпы, 2008 жылдың III тоқсанынан бері аталған елдің нарығы 800 мыңнан астам жұмыс орнын жоғалтып алды»,-делінген ELSTAT мәліметтерінде. Сарапшылардың пайымынша, қатарынан алты жылға жалғасқан экономикадағы созылмалы рецессияның аясында жұмыссыздық «құрылымдық» құбылысқа айналып келеді. Осы уақыттың ішінде Грекия экономикасы 20 пайызға қысқарды.