2012 жылдың соңында Кеден комитеті экспорттық тауарларды электрондық декларациялауға көшеді

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанның кеден қызметі экспортты қағазсыз декларациялау мемлекеттiк стандартын жасақтауда.
None
None

2012 жылдың соңына дейін Кедендік бақылау комитеті ілкі режімде экспорттық тауарларды электрондық декларациялау жүйесін енгiзудi жоспарлауда.

Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, бірінші кезеңде экспорттық кедендік баж салығы салынбайтын және рұқсат пен лицензияларды талап етпейтін тауарларды декларациялауды электронды нұсқаға көшіру көзделіп отыр.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының кәсiпкерлерi кеден саласындағы процестердiң осы және өзге де жаңашылдықтары туралы бүгін Ақтөбе қаласында өткен Консультациялық кеңестің мәжiлiсі барысында бiле алды.

Кездесу мемлекеттiк құрылымдар, кәсiпкерлер, қоғамдық ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң қатысуымен «Кеден - кәсіпкерлермен ашық сұхбат» атты республикалық акциясы аясында өтті.

Соңғы жаңалықтар