2012 жылға қарай Жамбыл облысында жоғары сапалы бензин шығарыла бастайды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ -2012 жылға қарай Жамбыл облысында жоғары сапалы бензин шығарыла бастайды, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан.
None
None

Жамбыл ауданының Аса ауылында Амангелді кен орнының шикі мұнайын өңдейтін зауыт құрылысы жобасын жүзеге асырып жатқан «Амангелді ГПЗ» ЖШС-і бензин, дизельді жағармай мен мазут өндіретін кәсіпорын салуда.

«Амангелді ГПЗ» ЖШС тараздық бөлімшесінің директоры Оралбай Исақаевтың айтуынша, үстіміздегі жылдың соңына қарай зауыт құрылысының бірінші сатысы аяқталады.

2011 жылдың екінші жартысында құрылыстың келесі сатысы жоспарланып отыр, оның барысында еуропалық стандарттарға сай жоғары октанды бензин шығару жолға қойылмақ. Қазіргі уақытта жобалау және дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар