2012 жылғы наурызда сыртқы саудада өнім бағасының төмендеуі белгіленді

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, экспорттық жеткізілімдерге бағаның газ конденсатына - 21,4 пайызға, ферроқорытпаларға - 1,2 пайызға, мұнай өнімдеріне - 1,1 пайызға төмендеуі, осы жеткізілімдердің бағасы көмірге - 4 пайызға, мырышқа - 3,6 пайызға, алюминийге - 2,8 пайызға, мысқа - 2,7 пайызға, қорғасынға - 2,4 пайызға жоғарылауы белгіленді. Жүн бағасы - 1,2 пайызға төмен, ал темекіге - 8,6 пайызға, мақтаға - 7 пайызға, астыққа - 2 пайызға жоғары болды.
Импорттық түсімдерден өсімдік майы - 6,2 пайызға, шай - 6 пайызға, кофе - 5,1 пайызға, аяқкиім - 3,3 пайызға арзандады, сондай-ақ макарон өнімдері - 5,3 пайызға, маргарин - 3,4 пайызға, дәрі-дәрмектер - 3,3 пайызға, қант - 1,4 пайызға, балық - 1,3 пайызға, құс еті - 0,5 пайызға қымбаттады.