2012 жылы Ақмола облысының полиция қызметкерлері есірткіге қатысты 4 қылмыстық іс қозғады

АСТАНА. 7 қаңтар. ҚазАқпарат - 2012 жылдың бірінші аптасында Ақмола облысының полиция қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтау және тарату фактісі бойынша 4 қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады облыс бойынша ІІД-нің баспасөз қызметі.
None
None

Заңсыз айналымнан 21,25 грамм есірткі заттары, оның ішінде 3,35 грамм героин алынды.

Осылайша, өткен жылы желтоқсан айының соңында Атбасар қаласы АІІБ-нің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында Атбасар қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстады. Ол марихуананы сатумен айналысқан. Қазіргі уақытта осы факті бойынша 2 қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.

Есірткіні сақтау және тасымалдау бойынша оқиғаларды әшкерелеу мақсатында облыста есірткі бизнесімен күрес және жол полициясының қызметкерлері біріккен арнайы топ құрылды.

3 қаңтарда аталмыш топ жедел іздестіру шарасы аясында «Астана - Петропавл» жолында Көкшетау қаласының 2 тұрғыны ішінде героин есірткісі бар пакетпен  қолға түсті. Тексеру барысында олардың бұрын да есірткі заттарын сатқаны үшін істі болғандары анықталды. Енді олардың үстінен қылымыстық іс қозғалды. 

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері есірткі заттарын сату орындарын анықтауға бағытталған шараларды өткізуде.

Соңғы жаңалықтар