2012 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің импорты 3,7 млрд. долларды құрады - Бақытжан Сағынтав

АЛМАТЫ. 7 қараша. ҚазАқпарат - 2012 жылы еліміздегі өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің импорты 3,7 млрд. долларды құраған. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бүгін Алматыда «азық-түлік белдеуін құру» мәселесі бойынша өткен алқалы жиында айтты.
None
None

«Азық-түлік белдеуін дамыту бүгінгі таңда «ҚазАгро» тарапынан берілген қаржылардың қаншалықты тиімді игерілуінде және атқарылған жұмыстардың тұрғындарға қаншалықты қолайлы болғанына байланысты. Сондықтан бұл кездесу көздеген мүддеге жеттік пе, әлде тоқырау бар ма деген жағдайға байланысты ұйымдастырылып отыр. Өйткені 2012 жылы өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің импортының өсімі 5,7 пайыз болды», - дейді Б. Сағынтаев. Бақытжан Әбдірұлының айтуынша, импорттық өнімдердің 633 млн. долларын сүт, 121 млн. долларын өсімдік майы, 90 млн. долларын шұжық өнімдері құрады. Ал импорттық өнімдер биылғы жылдың 8 айында 2,4 млрд. долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар