2012 жылы «Қазақстан инжиниринг» компаниялар тобы ел бюджетіне 5 млрд. теңге құйды

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - «Қазақстан инжиниринг» компаниялар тобының өндіріс көлемі 10 жыл ішінде 19 есеге артты.
None
None

Бұл туралы бүгін «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Болат Смағұлов компанияның 10 жылдық мерейтойына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Өздеріңізге белгілі, осыдан 10 жыл бұрын, 2003 жылдың 13 наурызында Үкімет Қаулысымен біздің ұлттық компания құрылған болатын. Осы 10 жыл ішінде өндіріс көлемі 19 есе - 3,4 млрд. теңгеден 6 млрд. теңгеге дейін артты. Компанияның активтері 6 млрд.-тан 43 млрд.-қа дейін көбейді. Компанияның өз капиталы 12,3 есеге - 1,6 млрд. теңгеден 21 млрд. теңгеге ұлғайды. Ал жұмысшылардың жалақысы 18 мың теңгеден 111 мың теңгеге дейін көтерілді. Еңбек өнімділігі жан басына шаққанда 648 мың теңгеден 12 млн. теңгеге, яғни 19 есеге артты», - деді Б. Смағұлов.

Оның айтуынша, компания өткен жылдардың шығынынан құтылып, осы жылды 4 млрд. теңге табыспен қорытындылап отыр.

«Компаниялар тобы бойынша біз былтыр мемлекет бюджетіне 5 млрд. теңге салық түсірдік», - деп атап өтті ол.

Басқарма төрағасының пікірінше, компанияның табысты дамуы Мемлекет басшысының, Қазақстан Үкіметінің және «Самұрық-Қазына» қорының жүйелі түрде жасаған қолдауына тікелей байланысты.

Сонымен қатар, компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада ұлттық компания 10 жылдық мерейтойы қарсаңында «10 қайырымды іс» акциясын өткізуді жоспарлап отырғандығы айтылған.

Акция аясында әртүрлі әлеуметтік жобалар, мәдени және спорттық шаралар қарастырылған. Солардың бірі ретінде, ұлттық компания бір балалар үйін немесе ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға арналған интернат үйін өз қамқорлығына алмақшы.

Соңғы жаңалықтар