12:40, 12 Ақпан 2013 | GMT +5
2012 жылы Қазақстан өз өнімдерін 1,6 пайызға жоғары бағамен экспорттады
АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасында 2012 жылғы желтоқсан айында қарашамен салыстырғанда экспортталатын тауарларға баға 1,6 пайызға жоғарылап, импорттық өнімдерге керісінше, 0,5 пайызға төмен болды.

Атап айтқанда, экспорттық жеткізілімдерге баға көмірге - 7,9%, мұнай өнімдеріне - 4,5%, хром кендеріне - 3,6%, қара металдар илегіне - 1,7%, мысқа - 1,2%-ға жоғарылады. Ал газ конденсатына - 4,3%, қорғасынға - 3,8%, мұнайға - 3,7%, мырышқа - 2,5%-ға төмендегені белгіленді. Сондай-ақ баға астыққа - 3,2 және темекіге - 1,9 пайызға жоғары болды, ал мақта 0,7 және жүн 0,2 пайызға арзандады.
Импортты тауарлар арасында балық - 8,5%, маргарин - 6,5%, дәрі-дәрмектер - 3,5%, кофе - 3,3%, өсімдік майы - 1,9%, шай - 1,2%-ға арзандады. Және керісінше, макарон өнімдері - 5,4%, шұжық өнімдері - 5,3%, кондитерлік тауарлар - 1,7% және қант - 1,2%-ға қымбаттады.