2012 жылы қазақстандықтардың тұтыну тауарларына сұранысы өзгеріп отыр

Былтыр қолма-қол несиелердің орта сомасы 2011 жылмен салыстырғанда, 20,3 пайызға өсіп, 219 мың теңгеден асқан. Ал POS несие беру арнасындағы жыл бойынша орта сома 1/3 өсіп, 116 мың теңгеден артқан. Несие берудің орта мерзімі барлық арналарда 1 айға ұзарды. Қазақстандықтардың көпшілік қолды тұтыну тауарларына да сұранысы өзгерді. 2012 жылдың жетекшілер үштігінде азаю бойынша теледидарлар, ноутбуктер мен ұялы телефондар. Сонымен қатар 2011 жылы аталған тізімде ұялы телефондар, теледидарлар мен тоңазытқыштар болатын. Аймақтық тұрғыда сұраныстың аудио және бейнетехникаға ауысуы 16 аймақтан алтауында байқалды. Алматыда 2011 жылы жиһазға ең көп сұраныс болса, 2012 жылы оның орнын аудио және бейнетехника алды. Астана қаласы мен Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарында сұраныс тұрмыстық техникадан аудио және бейнетехникаға ауысты. Ақтөбе облысында ұялы телефондарға бұрынғыдай сұраныс бар, басқа облыстарда тұрмыстық техника тауарларына сұраныс өзгеріссіз қалды.