2012 жылы «ҚазТрансОйл» 33 млрд. теңгеден астам таза табыс тапты

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - «ҚазТрансОйл» компаниясының негізгі қызметінен шоғырландырылған кіріс көлемі 143 млрд. 61 млн. теңгені құрады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада былтырғы жылдың қаржы-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметін қорытындылау бойынша өткен брифинг барысында «ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин мәлім етті.

Басқарма төрағасының айтуынша, компанияның негізгі қызметінен түскен кіріс көлемі бұл жоспарлы межеден 4,8 пайызға, ал 2011 жылдың көрсеткішінен 1,8 пайызға артқан. Ал өткен жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 33 млрд. 501 млн. теңгені құрап отыр. Бұл 2011 жылдың жоспарынан 30 пайызға, ал көрсеткішінен 29,1 пайызға жоғары.

«2012 жылдың соңына таман біз Қазақстан Қор биржасына «Халықтық ІРО» бағдарламасы аясында 38 млн. 463 мың 559 қарапайым акцияны алғашқы болып орналастырған едік. Оған жазылым 6 қараша мен 5 желтоқсан аралығында өтіп, 21 желтоқсанда акциялар орналастырылған соң, өтінім берілген делдалдық шоттарға бөлінді. Ал 25 желтоқсаннан бастап қайталама сауда ашылды. ІРО нәтижесінде Қазақстанның 33 мың 989 азаматы мен 10 жинақтаушы зейнетақы қоры «ҚазТрансОйл» АҚ-ның акционері болды», - деді Қ. Қабылдин.

Соңғы жаңалықтар