2012 жылы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша халыққа 32 млрд. теңгеге заем беру жоспарлануда

Бұл туралы бүгін алқа мәжілісі барысында ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігі төрағасының орынбасары Николай Тихонюк мәлім етті.
Оның айтуынша, биыл 10 айда жалпы шарттық сомасы 121 млрд. теңгені құрайтын 58 мыңнан астам тұрғын үй құрылыс жинақ келісімшарты жасалған, Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 29 пайызға жоғары.
«Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің пайда болған кезеңінен бастап салымшылардың саны 267 адамға жеткен. Ал олардың жинақ көлемі 487 млрд. теңгеден асып жығылады. Жыл сайынғы өсім халықтың аталмыш жүйеге деген сенімділігін білдірсе керек», - деп атап өтті Н. Тихонюк.
«2012 жылы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне 80 мың қатысушыны тарту көзделуде. Және халыққа 32 млрд. теңге заем беру жоспарлануда», - деп түйіндеді сөзін Агенттік төрағасының орынбасары.
Оның айтуынша, биыл қазан айының соңында Үкімет қаулысы бойынша, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның, Ипотекалық несиелерді кепілдендіру қазақстандық қорының және Қазақстандық ипотекалық компаниясының акциялар пакеті Агенттіктің иелігіне берілді.