2013/14 жылғы маусымда әлемде бидай өндірісі 4 пайызға артады

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан агрохимиялық Азия форумында айтылды.
«АПК Информ» агенттігінің бас редакторы Елена Чередниченконың айтуынша, Халықаралық астық жөніндегі кеңес (International Grains Council) 2013/14 жылғы маусымда бидай өндірісі 4 пайызға артады деп болжап отыр. АҚШ-тың ауыл шаруашылығы департаметі (USDA) мәліметтеріне қарағанда, бидай егістігінің алқабы соңғы 12 жылда құбылмалы болып тұр. Мәселен ол әлемде 2000 жылы 216 млн. гектардан 2003 жылы 203 млн.-ға кеміп, 2009 жылы 225 млн.-ға дейін көтерілген еді. Былтыр 216 млн.-ға қайта түсті. 2012/13 жылғы маусымда әлемдік өндірістің 20 пайызы Еуроодақ елдерінің, 18 пайызы Қытайдың, 14 пайызы Үндістанның, 9 пайызы АҚШ-тың, 6 пайызы Ресейдің үлесінде болды. Бұл Канадада мен Пәкістанда - 4, Австралияда - 3, Украина, Түркия, Иран, Аргентина мен Қазақстанда - 2, Египет пен Өзбекстанда 1 пайызды құрады. Бұған дейін БҰҰ әлемдегі егістіктік алқаптары құрылымындағы бидайдың үлесі 2000 жылғы 41 пайыздан 2011 жылы 37 пайызға дейін төмендегенін жариялаған болатын. Мәселен бидай алқабы егістігі 2010 жылы 54 млн. 516 мың гектар, 2011 жылы 48 млн. 204 мың гектарды құрап, 11 пайызға кеміді. Ал Қазақстанда бидай алқабы 1 млн. 625 мың гектардан 1 млн. 516 мың гектарға төмендеп, 11 пайызға азайды. Алайда өнімділік гектарына 10-нан 17 центнерге артты.