2013-2014 оқу жылына республиканың барлық жалпы білім беретін мектептерінде 290 мыңнан астам педагог бар

АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат - 2013 - 2014 оқу жылына республиканың барлық жалпы білім беретін мектептерінде 292 064 педагог бар. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің таратылған мәліметтерінде хабарланды.

2013-2014 оқу жылына республиканың барлық жалпы білім беретін мектептерінде 290 мыңнан астам педагог бар

Педагог кадрдың біліктілігі деңгейінен білім беру қызметінің сапасы анықталады. Республиканың жалпы білім беру мектептерінде жоғарғы және бірінші санатты педагогтардың саны 138031 адамды құрайды (47,3 пайыз). 2013 жылы 9645 жас педагогтың (2012 жылы - 8200) жұмысқа кірісуі жоспарлануда.

«Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының білім беру басқармаларының деректері бойынша қазіргі кезеңде педагог кадрларға қажеттілік 1934 адамды құрайды (өткен жылы - 1076). Соның ішінде ауылдық жерде - 1176. Математика пәніне - 193, химияға - 84, ағылшын тіліне - 76, физикаға - 77, бастауыш сыныпқв - 102 оқытушының қажеттілігі байқалады», - делінген министрлік мәліметінде.