2013-2015 жылдардың бюджетін нақтылауға арналған заң жобасы өндіріске алынды - Мәжіліс

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын өндіріске алды.
None
None

Аталған, заң жобасына орай, Үкімет негізінен макроэкономикалық көрсеткіштердің, еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты ағымдағы жылғы бюджетке өзгерістер енгізуді қарастырады. «Сонымен қатар, бюджетке келіп түскен қосымша табыстарды, сондай-ақ осы уақытқа дейін бюджеттің игерілмеген қаражаттарын қайта бөліп пайдалану көзделеді. Бұл ретте игерілмеген бюджет қаражаты негізінен ірі инвестициялық жобаларға қарай бағытталатын болады. Бұдан бөлек, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы жүктеген тапсырмаға сәйкес, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы төмендетіледі», дейді Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Татьяна Яковлева. Оның айтуынша, Мәжіліс комитеті 11 желтоқсанға дейін құжатқа қорытынды әзірлейтін болады.

Соңғы жаңалықтар