2013-2017 жылдары экономиканың нақты өсімі жылына 6-7,6 пайыз көлемінде болжанып отыр - Е. Досаев

АСТАНА.5 наурыз. ҚазАқпарат - 2013-2017 жылдары экономиканың нақты өсімі жылына 6-7,6 пайыз көлемінде болжанып отыр. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның сайлауалды тұғырнамасының орындалу мәселесіне арналған Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
None
None

«Орта мерзімді кезеңдегі болжам туралы айтатын болсақ, 2013-2017 жылдары экономиканың нақты өсімі жылына 6-7,6 пайызға болжануда. Бұл 2018 жылы жалпы ішкі өнімнің адам басына шаққанда 20 мың АҚШ долларынан астам деңгейге көтерілуін қамтамасыз етеді. Жылына орташа 6,5-6,85 пайыз қарқынмен өсетін ішкі сұраныстың ұлғаюы, қазақстандық өнімге сұраныстың сақталуы, сонымен қатар инвестициялардың артуы жалпы ішкі өнімнің негізгі өсу көзі болып табылады»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, жалпы алғанда базалық сценарий бойынша экономиканың жоспарланған өсу қарқынына жету - Мемлекет басшысының орта мерзімді кезеңде 7 пайыздық жылдық орташа өсу қарқынын қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар