2013 жылдың соңына дейін Қазақстан ЮНЕСКО-ның Комитетіне төрағалық етеді

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - 3-5 қазанда Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Ұйымның Атқарушы кеңесінің 190-ы сессиясы
None
None

аясында құрамына 30 мемлекет кіретін Атқарушы кеңестің Конвенциялар және ұсынымдар жөніндегі комитетінің отырысы болып өтті. Атқарушы кеңес Бюросы мен Комитет мүшелерінің ұсынымы бойынша Комитеттің төрайымы болып Қазақстанның ЮНЕСКО Атқарушы кеңесіндегі өкілі Әсел Өтегенова сайланды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.  

«Отырыс барысында Комитет ЮНЕСКО құзыреті аясындағы адам құқын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мәселелерге қатысты 29 хабарлама бойынша ұсынымдарды талқылап, қабылдады. Бұдан бөлек, Комитет мүшелері ЮНЕСКО-ның бірқатар нормативтік актілері мен халықаралық конвенцияларының орындалуына қатысты мәселелерді де қарады», - делінген хабарламада.

Жалпы аталмыш беделді Комитетке Қазақстанның төрағалығы ЮНЕСКО Бас конференциясының кезекті сессиясы аяқталғанға дейін, яғни 2013 жылдың қарашасына дейін жалғасады.  Конвенциялар және ұсынымдар жөніндегі комитет ЮНЕСКО Атқарушы кеңесінің тұрақты көмекші органы болып табылады және ол 1965 жылғы Атқарушы кеңестің 70-і сессиясының шешімімен құрылған. 2011-2013 жылдар аралығында Конвенциялар және ұсынымдар жөніндегі комитеттің құрамына ЮНЕСКО Атқарушы кеңесімен өзінің құрамынан сайланған 30 мүше-мемлекет кірді.

Соңғы жаңалықтар