2013 жылы әлемдік экономиканың өсу қарқыны баяулайды - С.Ахметов

АСТАНА.  5 қазан. ҚазАқпарат -  2013 жылы әлемдік экономиканың өсу қарқыны баяулайды. Бұл туралы бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП-ның ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген жиналысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов мәлім етті.
None
None

«Еуроаймақтағы дағдарыс қарқын алып келеді. Жалпы біз жаңа қаржылық және экономикалық дағдарыстың мүмкіндігін жоққа шығармаймыз. Халықаралық қаржы институттары мен агенттіктерінің болжамы бойынша 2013 жылы әлемдік экономиканың өсу қарқыны баяулайды деп күтілуде», - деді Үкімет басшысы.

Мәселен, Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк әлемдік жалпы ішкі өнімнің 3,9 пайызға дейін төмендеуін болжап отыр.

Соңғы жаңалықтар