2013 жылы қайта құрылымдалған банктер жеке инвесторларға сатылады - Григорий Марченко
«Самұрық-Қазына» ұлтық әл-ауқат қоры 2010 жылы БТА банк, Темір банк және Альянс банктегі қайта құрылымдау аяқталған соң 3 жылдың ішінде одан шығатынын мәлімдеді. Алайда олар ең кемінде 3В деңгейіндегі мамандандырлыған инвесторларға сатылу керек болатын. Бұл кредиторлармен қайта құрылымдау кезіндегі келісімде анықталған еді. Қазақстан соңғы 2 жылда Лондон қаржы нарығына өте көп үміт артты», - дейді Г. Марченко. Оның айтуынша, қазір еуропалық және американдық қаржы институттары үшін өзге елдерден активтер сатып алмақ тұрмақ өз қара бастарын аман сақтап қалу басты мәселе болып отыр. Ал Азия елдерінің инвесторлары Қазақстан туралы еуропалықтан аз біледі. Бүгінгі таңда осы бағытта көп жұмыс жасалуда, қызығушылық да бар. Мемлекет үшін банктердің капиталында бұдан әрі қала беру аса тиімді емес. Сондықтан 2013 жылы қайта құрылымдалған банктер жеке инвесторларға сатылатын болады.