2013 жылы Қазақстанда Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кластері салына бастайды

Бүгін Астанада өткен «Қазақстанда «электрондық үкіметті» дамыту» халықаралық конференциясы барысында «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникалық холдингі» АҚ Жобалау орталығының жетекшісі Айбол Қуандықов атап көрсеткендей АКТ кластерінің жалпы аумағы 30 гектарды құрайтын болады.
Оның аумағында өндірістік модульдар, Бизнес инкубаторлар, ІТ компаниялардың бизнес орталықтар мен ақпараттық-технологиялар паркін дамытуға септігін тигізетін өзге де нысандар орналасатын болады.
А.Қуандықовтың сөзіне қарағанда, 2012 жылы кластердің техникалық-экономикалық негіздемесі, 2012-13 жылдары жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленеді. 2013 жылы құрылысы басталады. Қазақстандық АКТ кластерін іске қосу 2015 жылға қарай жоспарлануда.
Айта кетейік, АКТ кластері білім беру, ғылыми-зерттеу және өндірістік салаларды біріктіру арқылы отандық ақпараттық-коммуникацияны дамытуды көздейді.