2013 жылы қазақстандықтарға тегін берілетін дәрілердің тізбесі бекітілді

2011 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № 786 бұйрығымен бекітілген амбулаториялық деңгейдегі тегін медициналық кепілдендірілген көлем ауқымында халықты қамтамасыз ету үшін тегін және жеңілдетілген дәрі және медициналық маңызы бар заттардың тізбесі бекітілді. Тізбе жыл сайын толықтырылады.
Амбулаториялық кезеңде препараттар дәрігердің қағазы бойынша амбулаториялық-емханалық мекеме орналасқан жерде (емхана, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, тағы басқалар) тізбе негізінде тегін жүзеге асырылады. Диспансерлік есепте тұратын емделушіге емдеуші дәрігер тізбеге сәйкес дәрі қағазын жазып береді. Электрондық дәрі қағазы айлық қажеттілік көлемінде айына 1 рет жазып беріледі.
«Препараттар «Гиппократ МФК» ЖШС дәріханалары арқылы беріледі.