2013 жылы Павлодарлық прокуратурадан мемлекетке түскен табыс көлемі миллиард теңгеден асып түсті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында 2013 жылы мемлекетке прокурорлық шаралардан түскен табыс миллиард теңгеден асып жығылады, деп хабарлады облыс прокуроры Рүстем Есенов.
None
None

Прокурорлар актісімен 100 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Құрамында сот орындаушылары, полиция, прокуратура қызметкерлері бар жедел топ бірлескен рейдтік шаралардың тиімділігін дәлелдеді - салынған айыппұлдар сомасы 860 миллион теңгеге дейін жетіп, 6 есеге өсті. Мысалы, рейд жүргізу барысында борышкер Д-ға тиесілі «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөлігі тоқтатылып, арнайы автотұраққа қойылды. Осы күні сомасы 636,5 мың теңге айыппұл толық көлемде өндіріп алынды.

Жалақы бойынша берешекті өндіріп алуды облыс прокуратурасы ерекше бақылауына алды. «ГРЭС-строй» ЖШС-ның жұмысы тоқтатылмай, кәсіпорынның 63 қызметкерлеріне 20 млн. теңге қарызы төленді.

Сот орындаушыларымен бірге алиментті өндіріп алу кезінде 71 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 49-ына айыппұл салынып, 22-сі тұтындалды. Сондай-ақ 2916 балалардың пайдасына 106 млн. теңге алимент берешегі өтелді.

Прокуратура айыптыларды жазалап қана қойған жоқ, сонымен бірге жұмыссыз жүрген борышкерлерді жұмысқа орналастыру шараларын қабылдады. Атап айтқанда, 23 алимент төлеуші тұрақты жұмыспен қамтылды.

Соңғы жаңалықтар