2014 жылдан бастап ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер үшін биопрепараттардың бағасы төмендетіледі - Үкімет отырысы

Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысында 2013-2020 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп кешенін (АӨК) дамыту салалық бағдарламасының жобасын таныстыру кезінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, фитосанитарлық қауіпсіздік пен аса қатерлі зиянды ағзалармен күрес бойынша қауіпсіз әдістерді енгізуді қамтамасыз ету аясында мақта, көкөніс, жеміс-жидек және басқа да дақылдардың негізгі зиянкестеріне қарсы күрестің биологиялық әдісін енгізу үшін нормотивтер әзірленетін болады. 2014 жылдан бастап ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге мақта алқаптарына арналған биоагенттер мен биопрепараттардың бағасын төмендету жоспарлануда.
Ал, 2016 жылдан бастап көкөніс, бақша дақылдарына арналған биоагенттер мен биопрепараттардың бағасы арзандатылатын болады.