2014 жылдың соңына қарай әрбір өңірде аумақтық кластер жұмыс жасауы тиіс - ҰКП

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Алматы облысында жұмыс сапарымен болды.
None
None

ҰКП Алматы облысы өңірлік кеңесінің мүшелерімен және бизнес-құрылымдар өкілдерімен жұмыс кеңесінде ол Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмысының негізгі бағыттары туралы әңгіңмеледі. Бүгінде сәнге айналған кластерлеу мәселесіне баса көңіл бөлінді.

«Өңірлік кластерлер құру жұмысына кірісуіміз қажет. Біз жаңа жылға дейін әрбір өңірде аумақтық кластер ашып, жұмысқа қосуға тиіспіз. Олардың ортақ байланыстырушы буыны Кәсіпкерлер палатасы болады. Біз қандай ықпалдасқан өндіріс тізбегін құру қажет екенімізді айқын түсініп алуымыз қажет», - деді А.Мырзахметов.

Алматы облысы - аграрлық, ауыл шаруашылығы өңірі екені мәлім. Соған қарамастан облыста тұтынылатын жеміс-көкөніс өнімдерінің 80 пайызға жуығы сырттан әкелінеді. Қазіргі жылыжай технологиясы базасында жеміс-көкөніс кластерін құрған дұрыс болады, деп атап өтті А.Мырзахметов. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 5-6 позиция бойынша өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін алға қойып отыр, өйткені Алматы облысының бұл бағыттағы әлеуеті жоғары.

ҰКП басқарма төрағасы сондай-ақ жиналғандарға ҮИИД-2 мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттары туралы айтып берді, ол Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында бекітіліп, 2015 жылғы 1 қаңтардан күшіне енеді. Оны жүзеге асыруға 6,5 трлн. теңге бөлінеді, деп күтілуде. Тамақ өнеркәсібі онда басымдықты сала болып табылады.

Қай кәсіпорынға мемлекет қолдау көрсететінін Өңірлік үйлестіру кеңесі шешеді. Биылғы жылы Алматы облысында Индустрияландыру картасы бойынша 5 жоба іске қосылады, оның ішінде Іле ауданындағы фармацевтикалық зауыт және Жамбыл облысындағы құс фабрикасы бар. 2015 жылы екі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар