2014 жылғы республикалық бюджет теңгерімді атқарылды

"2014 жылғы республикалық бюджет теңгерімді атқарылды. Шамамен 6 трлн теңге түсімдер, 7.1 трлн теңге шығыстар және 1,1 трлн теңге тапшылық. Атқарылу пайызы алдыңғы жылдарға қарағанда, жоғары болды. Қаражат анағұрлым максималды көлемде пайдаланылды. Барлық әлеуметтік міндеттемелер толық қаржыландырылды. Сондай-ақ, жаңа инвестициялық жобалар мен бизнес субьектілерін қолдау жөніндегі жобаларға серпін берілген», - деді министр.
Оның атап өтуінше, республикалық бюджет атқарылуын талқылау барысында депутаттар жүйелі мәселелерді көтерді. Оның ішінде сыртқы сауда саласына қатысты да жайттар бар.
«Қытай Халық Республикасымен тауар айналымы өсіп отыр, бірақ, алшақтық көлемі байқалуда. Бұлар бүгін 5 млрд АҚШ доллары деңгейінде. Қытай тарапы көбейтіп көрсетеді, ал бізде цифрлар аз. Себептері бірнеше, бір жағынан әдіснамалар әртүрлі және транзиттік тауарды есепке алмау. Тағы бір басқа себеп - дәйексіз декларация көлемі болуы мүмкін. Оны Қытайдың және Қазақстан декларацияларының әрқайсысын салыстырып, тексеріп қана анықтауға болады. Транзит қандай екенін, төленбеудің себебі не екенін анықтау қажет. Бұл үшін Қытай тарапымен ынтымақтастық деңгейін көтеру керек», - деді Б.Сұлтанов.