2014 жылы 5 мың шартты түрде сотталған адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - 2014 жылы кемінде 4900 шартты түрде сотталған адамға әртүрлі әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдем көрсетілді. Бұл мәліметтер Ақтауда өткен бас бостандығынан айырмай қылмыстық жаза қолдану практикасын жетілдіру жөніндегі республикалық кеңесте мәлім етілді.
None
None

Әлеуметтік-құқықтық көмек алуға 1-ші және 2-ші топтардағы 36 мүгедекке, 149 алкоголим, нашақорлық, токсикомания ауруларына ұшырағандарға, 149 ауруға (сот үкімімен), 23 туберкулезге шалдыққан жандарға, 93 басқа да кеселдерге ұшырағандарға, 1428 психологиялық жәрдем күткен жандарға, 106 білімі жоқ және 1715 жұмыссыз адамдарға, 8 тұрғылықты мекені жоқ адамға көмек көрсетілген.

«Шараның неізгі мақсаты шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді жетілдіруді және байқап көру қызметін одан әрі дамытуды көздейді», - деді ІІМ ҚАЖ Комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев.

Ол қазіргі кезде Қазақстанның қылмыстық саясаты әлемнің дамыған мемлекеттерінің тәжірибесін ескере отырып, кейбір қылмыстық жазаларды ізгілендіруге, сондай-ақ бас бастандығынан айырмай жазалауды қолдану саласын кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.

Бүгінде байқап көру қызметінде бес мыңнан астам сотталғандар есепте тұр, олардың 769-ы әйелдер, 48-і кәмелетке толмағандар.

Барлық қылмыстардың ішінде 370-і онша ауыр емес, 1195-і - орташа ауыр қылмыстар, 3569-ы ауыр қылмыстар. Олар үшін әлеуметтік-құқықтық көмек алу бағдарламасы жасалды және тиісті органдар мен ұйымдарға жіберілді.

Кеңесте байқап көру қызметін одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттары белгіленді және заңнамаларды, жергілікті атқару органдары мен байқап көру қызметтерінің өзара тиімді іс-қимылын одан әрі жетілдіру жөнінде ұсынбалар қабылданды.

Соңғы жаңалықтар