14:05, 26 Желтоқсан 2013 | GMT +5
2014 жылы Алматы-Ташкент жүрдек пойызы қолданысқа беріледі - А. Жұмағалиев
АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2014 жылы Алматы-Ташкент бағытындағы халықаралық жүрдек пойызы қолданысқа беріледі.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев айтты.
«Биыл біз үш жүрдек пойызды пайдалануға бердік. Келесі жылы 5 жүрдек темір жол бағыты ашылады. Олар: Астана- «Защита» стансасы, Алматы- «Защита» стансасы, Алматы-Ташкент, Астана-Қызылорда, Алматы-Ақтөбе», - деп атап өтті министр.
Оның айтуынша, жыл сайын 4-5 жедел бағыттар ашылып отыратын болады.