2014 жылы БҚО-да апаттық мектептер болмайды

«Апатты мектептер бойынша алдағы жылы қаражат бөліп, бұндай мектептерді толығымен жоямыз. Атап айтқанда келесі жылы бізде апатты жағдайдағы, үш ауысымдағы мектептер болмайды», - деді әкім.
Таратылған мәліметтерге қарағанда, өңірде білім берудің нақтыланған бюджеті 2013 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 37,6 млрд. теңгені құрады. Облыста орта білім жүйесінде 418 мектеп (88,4 мың оқушы) қамтылған. Сонымен қатар өңірде 143 балабақша, 39 «мектеп-балабақша» кешені және 289 шағын орталық жұмыс істейді.
Бұдан бөлек, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны - 39, ал ондағы оқушылар 26,3 мыңды құрады.
Мұнымен қоса, облыстағы 3 жоғары оқу орындарында 27,3 мың студент білім алуда. 15-29 жасқа аралығындағы экономикалық белсенді жастар саны 100,1 мыңға жетті.