11:24, 01 Маусым 2009 | GMT +5
2014 жылы футбол әлем чемпионатын қабылдай алатын қалалардың тізімі бекітілді
ЦЮРИХ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат - Футбол қауымдастықтарының халықаралық федерациясы (ФИФА) 2014 жылы футболдан әлем чемпионатының матчтары өтетін Бразилияның 12 қаласын бекітті.
Бұл туралы Багама аралдарының елордасы ? Нассау қаласында өткен ФИФА комитетінің мәжілісінен кейін жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. 2014 жылғы әлем чемпионатын қабылдау құқығына Рио-де-Жанейро, Сан-Паулу, Белу-Оризонти, Порту-Алегри, Куритиба, Салвадор, Ресифи, Натал, Форталеза, Манаус, Куяба және ел ордасы - Бразилиа қаласы ие болып отыр.