2014 жылы Қазақстанда секундтық тарифке ауысу үрдісі аяқталады

АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - 2014 жылдың қаңтар айынан бастап халықаралық телефон қоңырауларының тарификация бірліктері 10 секундтан 1 секундқа дейін арзандатылады, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Министрліктің ақпаратына қарағанда, осындай бұйрыққа қол қойылған. Бұл - секундтық тарифке ауысу үрдісінің соңғы кезеңі. Осылайша, абонент басқа елдердегі абоненттермен іс жүзінде сөйлескен уақыты үшін ғана төлем жасайтын болады. Басқаша сөзбен айтқанда, 7 секунд сөйлескен соң, абонент бұрынғыдай 10 секунд тарифпен емес, нақты 7 секунд үшін төлейді.

Естеріңізге сала кетейік, халықаралық телефон байланысының тариф өлшемі 2010 жылы 60 секундтан 30 секундқа дейін төмендетілсе, ал 2011 жылы ұялы байланыс операторларының желілерінде қоңырауларға секундтық тарифтеу енгізілді. Өткен жылдың шілде айында Қазақстан бойынша қоңыраулардың тарифтеу бірлігінің өлшемі белгіленген телефон байланысының барлық абоненттері үшін 10 секундтан 1 секундқа дейін төмендетілсе, халықаралық телефон қоңырауларының тарифі 30 секундтан 10 секундқа дейін төмендетілді.

Әлемнің көптеген елдерінде қазіргі таңда абоненттер үшін минуттық тариф белгіленген, ал кей жағдайларда қосылу үшін және кіріс қоңыраулары үшін ақы алынады. Мұндай тарифтеу Ресей, Украина, Беларусь, Қырғызстан, Әзірбайжан және т.б. елдерде қолданылады.

Соңғы жаңалықтар