2014 жылы СҚО кардиологиялық орталығында жүрекке 255 ота жасалды (ФОТО)
Ағымдағы жылдың басынан облыстық кардиологиялық орталықта жүрек-қан тамыр ауруларынан зардап шегетіндерге 30 ота жасалды. 2014 жылы 514 науқасқа стент қойылды.
Орталық мамандары жыл сайын шетелде біліктілігін арттырады. Бұл өткен жылдан бауырда қатерлі ісікті кішірейтетін ота жасауға жол ашты.
«Бауыр ісігін жедел жою немесе химиотерапия арқылы емдеу мүмкін болмағанда, онда оны емдеуге паллиативті операция жасалады. Біз катетер және рентген-бақылау арқылы тамырға химиопрепараттарды енгіземіз. Ол ісіктің ары қарай өсуіне жол бермейді», - деді облыстық кардиологиялық орталықтың бөлімше меңгерушісі Мақсат Құдратуллаев.
Атап өту керек, кардиоорталық жыл сайын медициналық қондырғымен жаңартылуда. Өткен жылы бұл бағытқа республикалық бюджеттен 29 млн. теңге және облыстық қазынадан 52 млн. теңге бөлінді.