2014 жылы солтүстікқазақстандық спортшылар 519 медаль еншіледі

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Өткен жылы солтүстікқазақстандық спортшылар республикалық және халықаралық жарыстарда 519 медальға ие болды. Оның 281-і олимпиадалық спорт түрінен. Бұл туралы СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарланды.
None
None

Ведомство ақпаратынша, бүгінде 353 солтүстікқазақстандық спорттың түр-түрінен ҚР құрамасының қатарына кіреді. 2013 жылы олардың саны 295 болған. Өткен жылы облыс бапкерлері халықаралық дәрежедегі 8 спорт шеберін, 32 спорт шеберін, 150 спорт шеберіне үміткерді және бірінші дәрежедегі 167 спортшыны дайындады.

«СҚО спортшылары 2014 жылы 12 әлем чемпионатына, 1 Еуропа чемпионатына, 10 Азия чемпионатына, 179 ҚР чемпионатына, 40 халықаралық жарысқа, бірінші Азиялық және ПараАзиалық ойындарға, жасөспірімдер арасындағы екінші Олимпиада ойындарына қатысты. Сонымен қатар, облыста 66-дан астам оқу-жаттығу жиындары өтті», - делінген хабарламада.

Атап өту керек, республикалық және халықаралық сындарда жоғары дәреже көрсеткен 64 спортшыға ай сайын шәкіртақы төленеді.

Соңғы жаңалықтар