16:26, 28 Наурыз 2016 | GMT +5
2015-2016 маркетингтік жылдарында 2,5 млн. тонна астық экспортталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жарты жылда 2,5 млн. тонна астық экспортталды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігінің сауалына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінен хабарлады.

«2015-2016 маркетингтік жылдарында (2015 жылдың 1 шілдесі және 2016 жылдың қаңтары) 2592,3 мың тонна қазақстандық астық, 1048,0 мың тонна ұн, 0,9 мың тонна картоп, 21,2 мың тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 21,0 мың тонна өсімдік майы экспортталды», - дейді министрлік мамандары.
Атап айтқанда, Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттайтын негізгі елдердің қатарында Әзербайжан, Беларусь, Армения, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Украина, Молдова, Ауғанстан, Грузия, Германия, Италия, Қытай, Латвия, Моңғолия, Түркия, Швеция және Польша елдері бар.