2015 жылдың екінші тоқсанда ЕО-ға келген босқындардың саны 210 мыңнан асты

Мұндай деректі жұмада Еуропалық одақтың «Еуростарт» статистикалық агенттігі таратқан.
«2015 жылғы екінші тоқсанда (сәуір мен маусым аралығы) еуропалық одаққа 213 200 босқын баспана сұрап жүгінген, бұл 2015 жылдың 1 жартысына қарағанда, 15 пайызға көп және 2014 жылғы екінші тоқсандағы деңгейден 85 пайызға жоғары», - делінген хабарламада.
Еуропалық статистика қызметкерлері Сириядан (44 мың) және Ауғанстаннан (27 мың) баспана сұрап жүгінгендер саны едәуір өскенін атап өтуде. Олардың жалпы саны ЕО-ға түскен барлық өтініштердің үштен бірін құрауда.
Босқындардың көбі Германияда (80 900), Венгрияда (32 700), Австрияда(17 400), Италияда (14 900), Францияда (14 700) және Швецияда (14 300) тіркелген.
Осы жылғы алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда, баспана іздеушілер саны өсе түскен: Нидерландыда (+ 159%), Латвияда (+ 123%), Австрияда (+ 79%), Финляндияда(+ 67%) және Данияда (+ 66%).
Ағымдағы жылғы маусым соңында ЕО құзыретті қызметтері достастық аумағынан баспана сұраған 592 мың қолдаухат қаралған.