2015 жылға дейін елімізде 4 тергеу оқшаулағышы салынады

АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 2015 жылға дейін елімізде 4 тергеу оқшаулығышы салынады. Сондай-ақ 3 өндіріс нысаны мен 1 қолданыстағы мекемені түзеу колонияларына айналдыру көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында Әділет министрлігінің ресми өкілі Ерболат Ерімбет мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, еліміздің бас бостандығынан айыру орындарындағы азаматтарды емдеу мен олардың санитарлық жағдайларын жетілдіру мақсатында Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің медициналық қызметін Денсаулық сақтау министрлігінің құзырына беруді көздеп отыр. «Аталмыш шара қамауда отырғандарға көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттырып, медицина мамандарын қылмыстық-атқару жүйесі әкімшілігінен бөлек ұстауға мүмкіндік береді», деді ресми өкіл.

Сондай-ақ ол сөзінде елімізде қылмыстық-атқару инспекторларының саны келесі жылдан бастап кезең-кезеңімен арттырылатындығын атап өтті. Себебі осы уақытта қызмет етіп жатқан инспекторлар саны бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды жүзеге асыруға жетпейді. «Бүгінде елімізде бас бостандығынан айыруға жатпайтын жазаға кесілгендер 22 мың 530 адамды құрап отыр», деді Е.Ерімбет.

Соңғы жаңалықтар