2015 жылға дейін еліміздің ІЖӨ-ін 7 трлн. теңгеге ұлғайту көзделіп отыр
![None None](/static/img/plug.webp)
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Атап өтерлігі индустриялық-инновациялық тұрғыдан шапшаң даму бағдарламасының негізгі мақсаты - ұзақ мерзімді кезеңде Қазақстан экономикасын әртараптандыруды қамтамасыз ету және бәсекеге қабілеттілігін арттыру, 2015 жылға дейін ішкі жалпы өнімді 7 трлн. теңгеге немесе 2008 жылғы ішкі жалпы өнімнің шамамен 50 пайызына ұлғайту болып табылады», деді отырыста Ә. Исекешев.
Оның айтуынша, бизнес пен мемлекеттің күш-жігерін шоғырландыру және экономиканың басым секторларын дамыту үшін елдің ресурстарын жұмылдыру; қолайлы макроорта мен инвестициялық ахуалды қалыптастыру; ұлттық экономиканың интенсивтілігін және өнімділігін арттыру бағдарламаның негізгі міндеттері болып табылады.