2015 жылға қарай 420-ға жуық отандық «Тальго» вагондары пайдалануға беріледі

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - 2015 жылға қарай 420-ға тарта «Тальго» жолаушылар вагоны пайдалануға беріледі.
None
None

Бұл туралы Астанадағы «Тальго» зауытының бас директоры Станислав Подавец мәлім етті.

Оның айтуынша, еуропалық сапаға ие вагондар тек Қазақстанның темір жолдарында қатынайтын болады. 35 вагоннан тұратын әрбір пойыз құрамы 507 адамға дейін тасымалдай алады.

«Біздің алдымызда ішкі нарықтағы сұранысты қанағаттандыру мақсаты тұр. Елдегі вагондардың қандай күйде екендігі ешкімге де жасырын емес, сондықтан олардың барлығын жаңарту қажет», - дейді ол.

С. Подавецтің атап өткеніндей, заманауи үлгідегі вагонның орташа құны 700 мың еуро тұрады.

Соңғы жаңалықтар