2015 жылға қарай Астанада қоғамдық көлікте жаңа жүйе енгізіледі - әкімдік

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің қатысуымен көшпелі кеңес болып өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің сайты.
None
None

«Елорда басшысы Иманғали Тасмағамбетов жаңа Көлік мамандарының біліктілігі орталығында болып, оқу сыныптарын аралады. Көшпелі кеңес барысында көлік құралының жаңа жүйесі таныстырылды. Оны келер жылы іске қосу көзделген», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Еуропа елдерінің тәжірибесін жинақтай келе, Астана қаласының көлік саласы мамандары үшін жаңа технологиялармен және жабдықтармен жарақтандырылған орталықта сабақтар өткізіледі. Оқу барысында қалалық жолаушылар көлігінің жүргізушілері, кондукторлар, бақылау-ревизиялық қызмет мамандары, такси жүргізушілері топтарына басымдық беріледі. Сонымен қатар, орталықта инженерлік-техникалық мамандар, жөндеу цехының жұмысшылары, BRT жаңа көлік жүйесінің мамандары және қаланың көлік секторының басқа да мамандары білім алады.

Бүгінде орталықта 455 автобус жүргізушісі мен жолаушылар көлігінің 254 кондукторы оқып жатыр.

Орталықтың өткізу қабілеттілігі айына 180-200 адамды құрайды. Жалпы, жыл соңына дейін 1500 астам адамды оқыту жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар