17:01, 23 Мамыр 2013 | GMT +5
2015 жылға қарай Қазақстанда бизнес-құрылымдар үшін барлық рұқсат беру процедуралары автоматтандырылады - Б.Сағынтаев
АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат - 2015 жылға қарай Қазақстанда бизнес-құрылымдар үшін барлық рұқсат беру процедуралары автоматтандырылады. Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында VI Астана экономикалық форумы аясында өткен «Қазақстандағы кәсіпкерлік: талаптары мен мүмкіндіктері» атты сессияда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

«2012 жылдан бастап Қазақстанда барлық лицензияларды беру электронды форматта жүзеге асырылады. Сонымен қатар бизнесте барынша талап етілетін 80-нен астам рұқсат беру процедуралары электронды түрге көшірілді. Ал 2015 жылға қарай Қазақстанда бизнес-құрылымдар үшін барлық рұқсат беру процедуралары автоматтандырылады», - деді ол.
Сонымен қатар Б.Сағынтаев Қазақстан енгізген шағын және орта бизнес субъектілеріне рұқсат беру жүйесі БҰҰ жүргізетін ақпараттық қоғам бойынша Бүкіләлемдік форумда «I-бизнес» санатында бірінші орын иеленгенін атап өтті.