12:50, 10 Қараша 2011 | GMT +5
2015 жылға қарай Қазақстанның көлік дәліздері арқылы өтетін жүк транзиті 25 млн. тоннаға жетеді - Көлік және коммуникация министрі
ТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2015 жылға қарай Қазақстанның көлік дәліздері арқылы өтетін жүк транзиті 25 млн. тоннаға жетеді.
Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан Көлік күндері аясындағы «ТРАНСЕУРАЗИЯ-2011» 8-ші Халықаралық конференциясында сөйлеген Көлік және коммуникаця министрі Берік Қамалиев мәлім етті.
«2010 жылы Қазақстанның көліктік дәліздері арқылы жүк транзиті 15 млн. тоннаны құрады. Транзиттен түскен жалпы кіріс шамамен 900 млн. АҚШ долларына жуықтады. 2015 жылы еліміздің аумағы арқылы, яғни жер көлігі арқылы өтетін транзит көлемі 25 млн. тонна көлемінде жоспарланып отыр», - деп атап өтті министр.
Оның сөзіне қарағанда транзиттен түсетін жалпы кіріс 1,4 млрд. АҚШ долларына дейін өседі. Бұл көрсеткіштер инфрақұрылымды дамыту және транзит үшін қолайлы жағдайлар жасау есебінен қамтамасыз етіледі.