2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап Байқоңыр мектептері қазақстандық стандартта білім беретін болады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласында «Байкоңыр» кешеніне қатысты Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Отырысқа ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозин, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.

Байқоңыр қаласында Қазақстан қаржыландыратын 6 білім ордасы бар. Аталған мектептер енді 2015 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап қазақстандық стандартта білім беретін болады. Екі ел Үкіметі 20 желтоқсанға дейін қол қоюға қажетті құжаттың жобасын дайындауға келісті.

Сондай-ақ, жұлдызды қалашықтағы 100 келушіге арналған әйелдерге кеңес беру орталығы бар 80 орындық перзентхана Ресей Үкіметіне жалға беріледі. Бұл 2015 жылдың 1 ақпанында жүзеге асады. Бұған қатысты құжаттарды 19 желтоқсанға дейін ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі, РФ-ның медициналық-биологиялық федералдық агентігі және Байқоңыр қаласының әкімшілігі бірлесіп әзірлейді.

Соңғы жаңалықтар