2015 жылы Ақтауда «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ашылады
Республикалық комиссия 7-9 сыныптарда оқуға екі мыңға тарта өтініштерді қарады. 328 мектеп оқушысының «Өркен» білім грантын алуы мақұлданды.
«Қазір педагогтарды іріктеу жалғасуда. Төрт іріктеу конкурсына 300-ге тарта мұғалім қатысты, олардың 60-ы мақұлданды, шамамен 20 маман резервте тұр. Қазіргі кезде мектеп кітапханашысының, математика, ағылшын тілі, ақпараттану және өнер мұғалімдерінің бос орындарын қарауға әзірміз», - деді мектеп директоры Ермек Пайызов. Мектеп құрылысы жоспарында шалғай аудандардың мектеп оқушылары мен толық емес отбасылар балалары үшін интернат көзделген.
Ермек Пайызовтың айтуынша, 2015 жылдың көктемінде алты сыныптар оқушыларынан құжаттар қабылдау жоспарланған.
«Қазақстан Республикасы Президентінің 20 зияткерлік мектебі» жобасына Мемлекет басшысы бастамашы болды. Қазіргі кезде республика облыстарында «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» 17 филиалы жұмыс істейді.