2015 жылы «Бесоба» орнына салынған «Шапағат» шағынауданы проблемасы толық шешіледі - облыс әкімі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Апатты болған «Бесоба» тұрғын үй кешенінің орнына салынған «Шапағат» шағын ауданына 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында қоныстану жұмыстары жүреді. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков осылай айтты.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, нысандарды толық тапсыруға тұрғындар мен мердігерлердің сот үдерістері тежеп тұр. «Әрбір шаруашылық субъект сотта өзінің құқықтарын қорғауға құқылы. Бұл өз кезегінде үдерісті созып жібереді. Осы орайда «Шапағат» жобаларын жүзеге асыру созылып кетті. Онда бірқатар отбасылар пәтерлерін алды, яғни олар бесінші, алтыншы, жетінші секцияларға орналастырылды. Бірінші, екінші, үшінші және төртінші секциялары алдағы жылы тапсырылады. Бірінші жартыжылдықта бұл мәселені толық шешетін боламыз», - деді әкім. Бұдан бұрын хабарланғандай, апатты болған «Бесоба» орнына салынып жатқан жаңа құрылыстарды тапсыру мерзімі шегерілген болатын.

Соңғы жаңалықтар