2015 жылы елорданың әлеуметтік-экономикалық өмірін жақсарту жөніндегі маңызды міндеттер жүзеге асырылды - Ә.Жақсыбеков

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы елорданың әлеуметтік-экономикалық өмірін жақсарту жөніндегі маңызды міндеттер жүзеге асырылды, деп атап өтті Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков.
None
None

ҚазАқпарат құттықтау мәтінін жариялайды.

Астана әкімі Ә. Жақсыбековтің Жаңа жылмен құттықтауы

Құрметті елордалықтар және қала қонақтары!

Сіздерді жаңа - 2016 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Келіп жеткен Мешін жылы босағаларыңыздан ырыс пен берекенің бастауы, жақсылық пен қуаныштың жаршысы болып аттасын.

Халқымызда «Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» деген сөз бар. 2016 жылы қастерлі тәуелсіздігімізге 25 жыл толады. Осы уақыт ішінде тәуелсіздігімізді тұғырлы ету үшін талай келелі іс атқарылды. Азаттығымыздың белесті жылы да ел мерейін асырар, халқымызға пайдасы мол жарқын істерге тола берсін.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!

Астана
қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков

Соңғы жаңалықтар