2015 жылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында тексеріс жүргізу тәртібі айқындалды
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Әлиақпар Мәтішев мәлім етті.
"Тұтынушылар субъектілеріне жатпайтын объектілерді тексеру жоспарлы түрде жүргізілетін болады. Негізінен бұл - мемлекеттік білім беру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік нысандар», - деді ол.
Сонымен қатар, жоспарлы тексерістерден бөлек, өтініштер (арыздар) бойынша, инфекциялық аурулар, яғни эпидемиологиялық ахуалдың асқынуы кезінде және бұрын берілген ұйғарымдарды тексеру бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілетін болады.
Мұнан басқа, тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдары рұқсат беру құжаттарын (нысандарға, жобаларға, өнімдерге, көрсетілетін қызметтерге берілетін санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар) беру кезінде және үй ошақтарында (бақылау нысандарының қызметтерімен байланысты емес) инфекциялық ауруларды тіркеу кезінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жүргізілетін бақылаудың өзге де түрлерін жүзеге асырады.