2015 жылы қару тапсырған СҚО тұрғындарына 37 млн теңгеден астам сыйақы төленді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы жарақат салатын қаруларды ерікті түрде тапсыру бойынша 12 айлық акцияның қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметі.
None
None

«Республика көлемінде өткен шара 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтар аралығында жүргізілді. Бір жылда жүргізілген науқан нәтижесінде СҚО-да тұрғындардан 765 қару (оның ішінде 323 травматикалық, 442 газ-травматикалық) сатып алынды. Акция барысында облыс тұрғындарына мемлекет 37 млн теңгеден астам сыйақы төледі», - делінген баспасөз хабарламасында.

2015 жылда полицияға травматикалық қаруын тапсырмаған тұлғаларға 2016 жылдың басынан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны ескертілген. ҚР Қылмыстық кодексінің 289 бабына сәйкес, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап травматикалық қаруды заңсыз айналымға шығарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Бұл баптың екінші бөлігінде 2 000 АЕК дейін айыппұл түріндегі санкция немесе түзеу жұмыстары не 1 жыл бас бостандығын шектеу немесе 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар