2015 жылы Қазақстанда 500-ден астам мектеп салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015жылы 500-ден астам мектеп салынды. Бұл туралы бүгін Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі халықпен есепті кездесуінде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.

2015 жылы Қазақстанда 500-ден астам мектеп салынды

Оның сөзіне қарағанда, министрлік әкімдіктермен бірлесе отырып, апатты мектептер желісін 67-ге қысқартқан. Инклюзивті білім беру жағдайымен мектептердің үлесі 2 еседен астам деңгейге артып, 45 пайызға жетті. Сонымен қатар, балаларды қосымша біліммен қамту деңгейі жоғарылады.
Е. Сағадиевтің айтуынша, балалардың игілігі үшін 32 мың спорт секциялары және 850 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істеуде.
«2011 жылдан бастап, 1075 мектептікең жолақты Интернетке қостық. 2016-2020 жылдарға арналған электронды білім берудің жаңа тұжырымдамасы жобасын әзірлеу себебімен 2014-2015 жылдары білім ұйымдарын электронды білім беру жүйесіне қосу жүргізілген жоқ»,-деді Е.Сағадиев.